«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының электрлендіру және энергетика департаментінің электрмен жабдықтау жөніндегі бас менеджері (17 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Тарту қосалқы станцияларын ағымдағы күтіп ұстау, оларға озық технологиялар мен жабдықтарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- Тарту қосалқы станциялары жабдықтарының, релелік қорғаныстың қалыпты жұмысының бұзылу себептерін талдауды зерделейді, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, аталған нысандардың зақымдануы туралы актілерді қарайды;
- Электрмен жабдықтау дистанцияларындағы тарту қосалқы станцияларының, 220, 110 және 35 кВ ӘЖ (әуе желілерінің) жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелеріне сәйкес жұмыстардың орындалуына талдау жүргізуді ұйымдастырады;
- Магистральдық теміржол желісінің қосалқы станциялары мен электр желілеріне жаңа электр энергиясын тұтынушыларды қосу жөніндегі құжаттарды қарайды;
- Тарту қосалқы станциялары мен тораптары бойынша электр энергиясының шығысына талдау жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- Электрмен жабдықтау дистанциялары бөлінісінде электр энергиясының шығысы бойынша жиынтық айлық есептің жасалуын бақылайды және электрмен жабдықтау дистанциялары тарапынан жалпы мақсаттағы желілердегі ысыраптың нормативтен жоғары болуына жол бермеу бойынша шаралардың қабылдануын қадағалайды;
- Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінен деректердің берілуіне және ақпараттың түсуіне мониторинг жүргізу жұмысын ұйымдастырады;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алуға өтінім беру үшін құжаттар пакетінің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді;
- «KEGOC» АҚ-на болжамды максималды электр қуатының шамасына өтінімдерді қарастырады және қалыптастырады;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің электр энергиясын тұтынуына талдау жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Электр энергетикасы, Автоматтандыру және басқару, Теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Автоматтандыру және телекоммуникация;
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.