«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» Инфрақұрылымды дамыту және күрделі құрылыс департаментінің менеджері

от 561 449 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция по реализации крупных проектов» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Сатып алуды ұйымдастыру кезінде жетекшілік ететін объектілерге техникалық ерекшелік әзірлейді;
  • Жетекшілік ететін жобалар бойынша шарттар, қосымша келісімдер жасау үшін құжаттарды дайындайды;
  • Келісімшарттық баға ведомосін және мердігер ұйыммен бірлесіп жұмыс жүргізу кестесін әзірлейді;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаларды уәкілетті органға жіберу үшін құжаттарды дайындайды;
  • Жобалық шешімдерді өзгерту туралы ұсыныстарды қарайды, жобалаушымен, мердігермен, техникалық қадағалау бөлімімен мәселелерді қарайды, Департамент басшылығына жобалық шешімге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Мердігерлік ұйымдар орындайтын жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманың Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, жобалауға арналған тапсырмаға, техникалық шарттарға және сәулет-жоспарлау тапсырмаларына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
  • Бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкестігінің құндық бағалары бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының актілерін (2В, КС-2, КС-3 нысаны) талдауды және қабылдауды жүзеге асырады;
  • Шарт бойынша орындалған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың, салыстырып тексеру актілерінің және мердігер ұйымдар ұсынған басқа да бастапқы құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша қаржыландыруға өтінім береді және барлық қажетті бастапқы құжаттарды Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне береді;
  • Жетекшілік ететін жобалар бойынша нақты және ақшалай көлемдер бойынша егжей-тегжейлі жинақтау есебін жүргізеді және қадағалайды;
  • «Самұрық-Қазына» сатып алу сайтында орындалған жұмыстар актілерінің, қазақстандық мазмұн бойынша есептердің, шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің, банктік кепілдіктердің, жұмыстарды жүргізу кестелерінің және басқа да файлдардың жүктелуін жинауға және қол қоюға қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Менеджмент; Экономика; Маркетинг; Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс; сәулет; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; жерге орналастыру; Машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; ақпараттық жүйелер, География және геоэкология; Электр энергетикасы; Геодезия және картография; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару.
  • Жұмыс тәжірибесі: құрылыс саласында кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.