ЖТЖЖ электрмеханигі
Лауазымдық міндеттер:
1. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыдан білу, құрылғылар бойынша білімін жүйелі түрде жетілдіріп отыру.2. Қызмет көрсетілетін құрылғылардың жарамды күйін қамтамасыз ету, сондай-ақ пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ету кезінде жөндеу, монтаждау, өлшеу жұмыстарын жүргізе білу, ақаулардың туындау мүмкіндігінің алдын алу.
3. Бекітілген жоспар-графиктер, жедел жоспар, сондай-ақ сенімділікті арттыру жоспары бойынша жұмыс істеу.
4. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды қысқы жағдайдағы жұмысқа және көктемгі су тасқының откізуге өз уақытында әрі сапалы дайындау.
5. Аға электрмеханикке сенімділікті арттыру, өз уақытында жөндеу жүргізу және ауыстыру бойынша ұсыныстар беру.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.