«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының персоналды басқару бөлімінің әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы
Лауазымдық міндеттер:
- Станцияны қажетті кәсіптер, мамандықтар мен біліктіліктер кадрларымен жабдықтау бойынша жұмысты жүзеге асырады
Станция қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және бос лауазымдарға ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және конкурстық рәсімдерді - жүргізеді, бос лауазымдарға кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан түйіндеменің скринингін жүргізеді, қашықтықтағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына құжаттарды дайындайды (әңгімелесу хаттамасы, қажетті құжаттарды Орталыққа, ЦФОкадр-ға жіберу);
- Қашықтықтағы қызметкерлердің еңбек шарттарын, қосымша келісімдерін дайындауды және оларға қол қоюды қамтамасыз етеді
- Еңбек шарты туралы мәліметтерді белгіленген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізуді жүзеге асырады (enbek.kz);
- Кадрлық іс жүргізу бойынша жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, іссапарлар, көтермелеу, демалыс туралы бастапқы құжаттар топтамасын ресімдейді және қалыптастырады, жеке құрам бойынша бұйрықтарды дайындайды және тіркейді және уақтылы ҚҚО-ға береді
- Персоналды оқытуды ұйымдастырады, ТТТ-да қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді, қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша өтінімдер дайындайды және ОЖС-ға береді, филиал қызметкерлерін оқытуға және дамытуға жыл сайынғы қажеттілікті қамтамасыз етеді, қызметкерлерді оқыту бағдарламалары туралы хабардар етеді
- Станция қызметкерлерінің жыл сайынғы демалыстарының кестесін дайындайды, қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек және әлеуметтік демалыстардың берілуіне бақылау жүргізеді
- Станция қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін, SAP ERP-ге қызметкерлер бойынша табель шаблонын енгізуді және оны SAP ERP-ден түсіруді және ҚҚҚ-да жұмыс уақытын есепке алу табельдерін ұсынуды тексереді
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.