"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру секторының менеджері (15 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- «ӘТЖК» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстардың жай-күйін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жақсарту үшін «ӘТЖК» ЖШС басшылығына ұсыныс енгізу үшін ақпарат жинайды;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды тексеру үшін «ӘТЖО» ЖШС филиалдарына жұмыс сапарларын жүргізеді, сондай-ақ жұмыс процесінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
- «ӘТЖК» ЖШС-дағы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың уақтылы және сапалы тергелуін бақылауды жүзеге асырады;
- «ӘТЖК» ЖШС қызметкерлерін еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын уақтылы жасасу жөніндегі жұмысты бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары кәсіби
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.