"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалының Астана станциясындағы атқыштар командасы жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)

от 465 931 KZT
Акмолинский филиал ВЖДО Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
15

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Серіктестік қызметкерлерінің техникалық оқуын, жауынгерлік, арнайы және кәсіптік дайындығын ұйымдастырады және бақылайды, қызметкерлердің әрбір санаты үшін сабақтар өткізудің саны мен ұзақтығын, нысаны мен тақырыбын есептейді және көздейді;
  • Техникалық оқу өткізу үшін оқу-материалдық база мен оқу-әдістемелік материалдарды құру мен дамытуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, тақырыпқа байланысты дәріс материалдарын, бейнефильмдерді және басқа да оқу құралдарын тексереді және өзектендіреді;
  • Басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді мамандандырылған оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарында жыл сайын оқытуды ұйымдастырады және өткізеді, мониторинг жүргізеді және оқытуға шарт жасасуды қамтамасыз етеді;
  • Алғашқы емтихандарды тапсыра алмаған қызметкерлердің емтихандарды уақтылы қайта тапсыруын, сондай-ақ оларды емтиханды сәтті тапсырғанға дейін жұмыстан шеттетуді не емтиханды қайта тапсыра алмаған жағдайда қызметкерлермен еңбек шартын бұзуды бақылайды;
  • Сатып алуды жоспарлауға қатысады және олардың пайдаланылуын бақылайды;
  • Серіктестік басшылығының нұсқауларына және жеке іссапар жоспарларына сәйкес Серіктестік филиалдарының күзет қызметін ұйымдастыруын кешенді, бақылау, кенеттен және мақсатты тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ практика-лық және әдістемелік көмек көрсету үшін қызметтік іссапарларға шығады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары кәсіби.
  • Мамандығы: құқықтану; құқықтану; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; көлік, көлік техникасы және технологиялары; көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру; кәсіптік оқыту.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша, оның ішінде құқық қорғау органдарында, күзет ұйымдарында, темір жол көлігі ұйымдарында кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.