"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Экспресс" филиалының сервистік қызмет көрсету секторының бастығы

от 501 233 KZT
Филиал "Экспресс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жолаушылар пойыздарында сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және бақылау;
  • пойыз бригадаларының, нұсқаушылар құрамының және экипировкалау учаскесінің жұмысын үйлестіру;
  • қызмет көрсету стандарттарының, тасымалдау қағидаларының және өндірістік тәртіптің сақталуын бақылау;
  • жолаушылар пойыздарына тексеру жүргізу және көрсетілетін қызметтердің сапасына талдау жасау;
  • жолаушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау жұмыстарын ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;
  • сервистік қызмет көрсету бойынша шарттардың орындалуын және пойыздардың қажетті мүкәммалмен қамтамасыз етілуін бақылау;
  • пойыз бригадалары қызметкерлерін аттестаттау, оқыту және біліктілігін арттыру жұмыстарына қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (вагондар); тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Менеджмент; Маркетинг
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының қашықтықтан технологияларды дамыту секторының менеджері (15 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр оценки и развития персонала железнодорожного транспорта» | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
от 482 846 KZT
24.06.2026
"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының Оқу - әдістемелік жұмысы бөлімінің менеджері (14 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр оценки и развития персонала железнодорожного транспорта» | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
415 248 - 622 872 KZT
24.06.2026
Теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс жөніндегі мамандандырылған жасақтың - теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының жетекші инженері
Центр автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
от 441 859 KZT
24.06.2026