«KTZ Express» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің халықаралық қызмет және СЭҚ құқықтық қамтамасыз ету тобының менеджері

Зарплата не указана
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Уақытша лауазым
 

Құрылды:

Берілген өтінім:
66

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғам қызметінің заңдылық талаптарына сәйкестігін және оның құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның компаниялар тобының шетелдік әріптестердің қатысуымен жүзеге асырылатын және/немесе шетелдік юрисдикцияларда жүзеге асырылатын және/немесе шетелдік элементпен күрделенген халықаралық шарттық қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады, оның ішінде Қоғамның компаниялар тобының халықаралық шарттық қызметінен туындайтын дауларды шетелдік юрисдикциялардың төрелік және сот органдарында шешу кезінде құқықтық қолдау көрсетеді;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде құқықтық консультациялар береді;
  • Топтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сыртқы заң консультанттарының қызметтерін тарту және олармен одан әрі өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, консультанттар дайындайтын құжаттарға талдау жүргізеді;
  • Топтың функциялары мен өкілеттіктері шеңберінде тәуекелдерді басқаруды бақылауды, сондай-ақ тәуекелдерді ескере отырып шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;
  • Қоғамның халықаралық шарттарынан туындайтын мәселелер бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалармен шарттық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ Қоғам мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  • Қоғамның халықаралық шарттық қызметі шеңберінде іске асырылатын шетелдік әріптестердің/контрагенттердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және т.б. қатысуымен жасалатын шарттарға, келісімшарттарға, ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге құқықтық сараптама жүргізеді;
  • Шетелдік әріптестермен/контрагенттермен және/немесе шетелдік юрисдикцияларда жүзеге асырылатын және/немесе шетелдік элементпен күрделенген жобалар және/немесе шарттар бойынша келіссөздер жүргізеді;
  • Жұмыстың нәтижелерін құрылымдау және бағалау, болашақта кемшіліктерді/бұзушылықтарды жою, сондай-ақ жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында Департамент жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық анықтамалардың, материалдардың және есептердің Қоғам басшылығына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға дайындалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқықтану ісі; Құқық қорғау қызметі;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.