«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Бурабай курорты вокзалының вокзал бойынша кезекшісі

234 559 - 248 944 KZT
Вокзальное хозяйство Бурабай к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Вокзал аумағында жолаушылар мен келушілердің, жолаушылардың/балалардың ұйымдасқан топтарының келу, болу, кету кезінде, оның ішінде жолаушылар платформаларында қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жолаушылардың қауіпсіздігіне және поездардың қозғалысына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермей, жолаушылардың қауіптілігі жоғары аймақтарда болу қағидаларын сақтауын бақылайды. Компанияның имиджіне нұқсан келтіретін қақтығыстар мен басқа да әрекеттерге жол бермей, өзінің жауапкершілік аймағында жолаушылар мен келушілерге қызмет көрсетеді. Кезекшілікті (жұмыс ауысымын) уақтылы қабылдайды және тапсырады, вокзалдағы жедел жағдаймен танысады, журналдарда тиісті жазбалар жүргізеді және анықталған ескертулер, ақаулар және стандартты емес жағдайлар туралы ақпарат береді. Жолаушылар мен келушілерге жүгіну тілінде (поездардың келу және кету уақыты, поездың кету немесе келу жолының нөмірі, сервистік аймақтардың орналасқан жері, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесі туралы) анық анықтамалық ақпарат береді. мүгедектігі бар адамдарға және тыныс-тіршілігі шектеулі адамдарға олардың сұрау салуына сәйкес (мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған мүгедектер арбасын және басқа да техникалық құралдарды ұсыну, қызметтерді алуға көмек көрсету) вокзал аумағы бойынша, сондай-ақ вагонға дейін және жолаушылар поезы вагонынан түсірілгеннен кейін жүріп-тұру кезінде жеке сүйемелдеуге қызмет көрсетеді, вокзал аумағынан дер кезінде әрекет етеді, өтінімге сәйкес қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін тікелей басшыны хабардар етеді, тиісті журналға тіркейді. Жолаушылар ағынын вокзалда (билет кассаларының алдында, күту залдарында, эскалаторларда) және платформаларда, оның ішінде жолаушыларды поезға/дан отырғызу/түсіру кезінде, қарсы ағындар мен жиналуды қоспағанда, біркелкі бөлу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды.

Біліктілік талаптары:

Білімі Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі); орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы 

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру кезінде: темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туризм/қонақ үй шаруасы.

Орта (техникалық және кәсіптік) білім беру кезінде: темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

Жұмыс тәжірибесі Қызмет бейіні бойынша: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды Басшы лауазымында: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.