«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Бурабай курорты вокзалы бастығының кезекші көмекшісі

257 936 - 272 324 KZT
Вокзальное хозяйство Бурабай к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Вахталық әдіс
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Белгіленген тәртіппен вокзалдың технологиялық процесін ұйымдастырады және жүзеге асырады. Ауысым жұмысын үйлестіреді, ауысым қызметкерлеріне жүктелген лауазымдық міндеттердің, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік, атқарушылық және еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын, олардың жеке қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар мен нормаларды сақтауын бақылайды. Бекітілген бекеттерді орналастыру схемасына сәйкес ауысым қызметкерлерінің бекітілген бекеттерде болуын бақылайды, олардың бекеттерден өз еркімен кетуіне/жұмыс орнында ұйықтауына/сөйлесуіне, оның ішінде ұялы телефонмен сөйлесуіне жол бермейді. Жұмыс ауысымын уақтылы қабылдайды және тапсырады, вокзалдағы жедел жағдаймен танысады, журналдарға тиісті жазбалар жасайды, анықталған ескертулер, ақаулар, стандартты емес жағдайлар және ауысымға кірісетін тапсырмалар туралы ақпарат береді. Тәуліктік жоспарға сәйкес ауысым алдында міндеттер мен мақсаттарды қою жөнінде жоспарлы кеңес өткізеді, ауысым қызметкерлерін тасымалдау процесі және вокзал кешенінің қызметі мәселелері бойынша келіп түскен жеделхаттармен таныстырады, ауысым қызметкерлерін постылар бойынша бөледі. технологиялық аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, кезекшілер бекеттерін орналастыру схемасын, түскі ас пен техникалық үзілістердің кестесін жасайды, оларды жетекшілік ететін басшылар бекітеді. мүгедектігі бар адамдарға және тыныс-тіршілігі шектеулі адамдарға олардың сұрауына сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді (мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған кресло-арбаларды және басқа да техникалық құралдарды ұсыну/вокзал аумағы бойынша, оның ішінде вагонға дейін және вагоннан жолаушылар поезын түсіргеннен кейін жүріп-тұру кезінде бірге жүру/вокзал қызметтерін алуға көмек көрсету).

Біліктілік талаптары:

Білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы 

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған кезде:

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Ғимараттар мен құрылыстар салу; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көліктік техника және технологиялар, механикаландыру және автоматтандыру.

Орта (техникалық және кәсіптік) білім кезінде: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
Жұмыс тәжірибесі

Қызмет бейіні бойынша:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған кезде вокзал бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында кемінде 2 жыл

      орта (техникалық және кәсіптік) білімі кезінде вокзал бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында кемінде 3 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.