«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жаңа жобаларды салу дирекциясы» Жобаларды дамыту және үйлестіру департаментінің бас менеджері (17 грейд)
- Техникалық бөлім бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етеді, жобаларды іске асыру кезіндегі қызмет шеңберінде техникалық процестерді әзірлеуге, енгізуге және бақылауға қатысады
- Сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде ТЭН мен ЖСҚ-ны уақтылы қабылдауды және оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етеді
- Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жобалау-іздестіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді
- Жобалау-сметалық құжаттаманы ресімдеуді және өндіріске беруді және оны есепке алуды жүзеге асырады
- Жобалау-сметалық құжаттаманы, атқарушылық және нормативтік құжаттаманы жүйелі есепке алуды және сақтауды жүргізуді қамтамасыз етеді
- Жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жобалау институттары мен мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылауды және үйлестіруді, жобаларды іске асыру үшін жобалық шешімдерді келісуді және қарауды жүзеге асырады
- Жұмыстарды жүргізу барысында туындайтын жұмыс құжаттамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды авторлық қадағалаумен жұмысты ұйымдастырады
- Жобалар бойынша келіп түскен сметалық құжаттаманы талдауды, қажет болған жағдайда сметалық құжаттаманы уақтылы түзетуді, жинақтау есебін жүргізуді, жобалау және мердігерлік ұйымдармен тұрақты жұмысты жүзеге асырады
- Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды (құрылыс объектілерінің сапасын төмендетпей)ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешеді
- Жобаларды іске асыру кезінде өндірістік жоспарларды (жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестелерін) келісу жөніндегі жұмысқа қатысады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс; сәулет; теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; жерге орналастыру; Машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; ақпараттық жүйелер, география және геоэкология; жол және жол шаруашылығы; Электр энергетикасы; Геодезия және картография; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.