«KTZ Express» АҚ «KTZE Солтүстік» филиалының цифрландыру және AI енгізу бөлімінің бастығы (Астана қ.)

от 596 403 KZT
Филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Северный» Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Не менее 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
9

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Қоғамның бизнес-процестерін цифрландыру және жасанды интеллект (AI) шешімдерін енгізу жөніндегі жобаларды ұйымдастыру және іске асырылуын үйлестіру;
  • Цифрландыру және жасанды интеллект шешімдерін енгізу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында құрылымдық бөлімшелер мен еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) бизнес-процестеріне талдау жүргізу;
  • Жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, Қоғамның ақпараттық жүйелеріне қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды қалыптастыру;
  • Цифрлық және AI-шешімдерге қойылатын талаптардың қалыптастырылуын, келісуін және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Цифрлық технологиялар; Математика; Қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Есеп және аудит; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Логистика; Маркетинг.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Сонымен қатар жасанды интеллект (AI/ML) технологияларын, деректерді талдауды, процестерді автоматтандыруды және/немесе цифрлық трансформацияны қолдана отырып ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге немесе сүйемелдеуге қатысу тәжірибесі болуы тиіс. IT/AI-шешімдерінің стратегияларын, архитектурасын немесе мақсатты модельдерін әзірлеуге қатысу тәжірибесі артықшылық болып табылады.

Қосымша талаптар:

Білуі тиіс:

  • Жасанды интеллект (AI), деректерді талдау және автоматтандыру саласындағы заманауи технологиялар мен құралдарды;
  • Ақпараттық жүйелер мен интеграциялық шешімдердің архитектурасын;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, API және деректер қорларының негіздерін;
  • Жобаларды басқару және бизнес-талдау негіздерін.

Тілдерді меңгеруі:

  • Қазақ тілі – жоғары деңгейде;
  • Ағылшын тілі – Upper-Intermediate (B2) деңгейінен төмен емес.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.