«KTZ Express» АҚ Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаментінің IT-шешімдерді енгізу тобының бас менеджері
- Жетекшілік ететін жобаларға өзгерістер дайындайды және енгізеді;
- park.ktze.kz порталына қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Жобалардың тұсаукесерлерін дайындайды және жүргізеді;
- Жобаларды орындау барысы бойынша кеңестер өткізуге және оларды жоспарлауға бастамашылық жасайды;
- Жобалар бойынша құжаттаманы жүргізеді;
- Қоғамның, филиалдардың ШЖК жүйесін сүйемелдейді (клиентке ОЖА қалыптастыру бөлігінде жедел-қаржылық есеп, пайдаланушыларды кезеңнің дұрыс жабылуы бөлігінде сүйемелдейді, жүйеде жасалған тапсырыстың дұрыстығын тексереді, есеп айырысу сценарийлерін іске қосқаннан кейін типтік қателерді анықтайды, қызметкерлерді жүйенің жаңа модульдеріне үйретеді;
- Жүйенің жаңа модульдері бойынша нұсқаулар жазады, жүйенің жұмысы бойынша әзірлеушілермен өзара әрекеттеседі, әзірлеушілермен келіссөздерге қатысады, инновацияларды іске асыру бойынша міндеттер қояды,
- Жүйенің өнеркәсіптік базасына инновацияларды тестілейді және белгілейді, өндірістік жүйеде (ШЖК) шарттық баға хаттамаларының жаңа талаптарын іске асырады);
- Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, кеңестерге, қоғамда өткізілетін отырыстарға қатысады;
- Ұсынылған құзыреттер шеңберінде мемлекеттік органдармен, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобымен, бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Rail tariff, Rail Atlas, Rail Info, Rail Сервер бағдарламалық өнімдеріне лицензиялар береді және сүйемелдейді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Математика; Қолданбалы математика және Информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.