«KTZ Express» АҚ Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаментінің техникалық сүйемелдеу тобының бас менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Жетекшілік ететін жобаларға өзгерістер дайындайды және енгізеді;
- IT саласында Қазақстандық/халықаралық компаниялармен өзара іс-қимыл жасайды, кешенді ұсыныстар әзірлейді, сұрауларға жауап береді және ақпарат дайындайды (жобаларды қабылдау жөніндегі құжаттарды және пайдалану тесттерін, жүктеме тесттерін қалыптастырады);
- Қоғамның қызметін регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы қайта өңдеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға (өз құзыреті шеңберінде) қатысады;
- Жобаға қатысты бизнес-процестерді қалыптастырады;
- "Бірыңғай цифрлық терезе (ЕО)" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысады (жүйеде жаңа модульдерді іске асыруға қатысады, қызметкерлерді жаңа өзгерістерге үйретеді, жаңа процестерді және/немесе модульдерді пысықтауды сынайды, Бизнестің талабы бойынша жаңа міндеттерді қосуға байланысты ағымдағы модульдерге өзгерістер енгізеді);
- Ұсынылған құзыреттер шеңберінде мемлекеттік органдармен, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобымен бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Жоба бойынша презентациялар дайындайды және жүргізеді;
- Қоғамды дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыруға қатысады (деректер алмасуды, техникалық шешімдерді келісуді қамтамасыз ете отырып, қоғамның/ҚТЖ-ның қолданыстағы АТ жүйелерімен AI-сервистерді интеграциялауға қатысады);
- Қоғам қызметкерлері, филиалдар мен әзірлеушілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, келіссөздерге қатысады, жүйені пысықтау және дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуын қалыптастырады және бақылайды;
- Топ қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, топ қызметі шеңберінде міндеттерді бөлуді және функционалдық міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Математика; Қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.