«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің бухгалтерлік есеп бойынша функционалдық бағытының бас менеджері

Зарплата не указана
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
38

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттер:
  • Бастапқы құжаттарды 1С жүйесіне енгізеді, клиенттер бойынша электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) рәсімдейді;
  • Ай сайын баланстың 211, 214, 215, 230, 240, 250, 263, 264, 265, 266 жолдарының тарқатпаларымен бірге ФО-17 нысанын қалыптастырады;
  • Ай сайын ХҚЕС-9 және 37 есептеулеріне сәйкес резервтерді есептейді;
  • SAP BW жүйесінде дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша топішілік айналымдарды салыстырып тексереді;
  • 1210 және 3510, 1270 және 3380 шоттары бойынша сатып алушылардың берешек сомалары мен алынған аванстардың ТДКЗ сомалары туралы ақпарат ұсынады;
  • Қоғамның ҚСЕСҚ (ДБНУ) мәселелеріне байланысты бұйрықтар, өкімдер және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлейді, Қоғамның Құжаттау қағидаларына сәйкес құжаттарды архивке тапсыруға дайындайды;
  • Қауымдастырылған компаниялармен АС-1 салыстыру актілерін салыстырып, қол қояды;
  • Орталық аппарат бойынша 1С жүйесіндегі сауда дебиторлық берешегі мен алынған аванстарға қатысты бухгалтерлік есептің 1210 және 3510 шоттарына ай сайын мониторинг және талдау жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 8-ПБ есебін тапсырады;
  • Өзінің функционалдық міндеттерін орындау барысында анықталған, ИСМ қызметінің нашарлауына әсер ететін немесе әкелуі мүмкін барлық жағдайлар (оқиғалар) туралы тікелей басшысына хабарлайды;
  • Қоғамның қаржылық есептілігіне аудит жүргізу аясында сыртқы аудиторлардың сұраныстары бойынша ақпарат ұсынады;
  • Өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде экология, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, сондай-ақ ИСМ бойынша Қоғамның ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарының талаптарын сақтайды;
  • Қоғамның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жасалатын шарттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан дұрыс рәсімделуін тексереді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.