«KTZ Express» АҚ Экономика және қаржы департаментінің бюджеттеу және жоспарлау тобының бас менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының даму жоспарлары мен бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту, орындалуын мониторингілеу және түзету қағидаларына, ҚТЖ ҰК» АҚ мен Қоғамның жергілікті актілеріне, сондай-ақ жоспарланатын кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына сәйкес бюджетті және Даму жоспарын қалыптастырады әрі түзетеді;
- Қоғамның жетекшілік ететін еншілес ұйымдары мен филиалдарының шоғырландырылған Бюджетін (1 жыл) және Даму жоспарын (5 жыл) қалыптастырады, тексереді, түзетеді және олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
- SAP PBW автоматтандырылған жүйесіне Қоғамның шоғырландырылған бюджеттік параметрлерін (қалыптастыру, түзету) енгізу жұмыстарын, сондай-ақ ай, тоқсан, жартыжылдық және есепті жыл қорытындылары бойынша ББЖ жүйесіне деректер енгізуді жүзеге асырады;
- Қоғамның жетекшілік ететін еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі/Бақылау кеңесі тарапынан Бюджет пен Даму жоспарын бекітуге арналған материалдарды келіседі;
- Қоғамның жетекшілік ететін еншілес ұйымдарының басшылығына арналған презентациялық материалдарды (слайдтар, тезистер, ақпараттық анықтамалар, есептер, аппараттық кеңес материалдары) дайындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.