"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі функционалдық бағытының менеджері (15 Грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ компаниялар тобына кіретін жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер мен сыртқы ұйымдардың бақылау тапсырмаларын орындауы бойынша уақытылы және сапалы бақылауды жүзеге асырады;
- құжаттарды ЭҚЖ-ға бақылауға қоюды, құжаттың мәртебесін белгілеуді, бақылау құжаттарын жетекшілік ететін ҚБ мен ЕҰ-ның жауапты орындаушыларына уақтылы жеткізуді жүзеге асырады;
- жетекшілік ететін ҚБ және ЕҰ-ның бақылау тапсырмаларының қозғалысын, олардың ЭҚЖ-да орындау карточкаларын толтыруын, бақылауды ұзартуды, бақылаудан алуды тексереді;
- бақылау тапсырмаларын орындау және бақылау кіріс құжаттарына жауап алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, сырқы ұйымдармен және "Самұрық-Қазына" АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды;
- бақылау құжаттарын орындау мерзімдерін бұзу фактілері туралы компания басшылығына мерзімдер мен баяндау жазбаларының аяқталуы туралы қызметтік жазбаларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;
- басшылыққа ақпараттық анықтаманы, орындаушылық тәртіп бойынша есептерді дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады;
- бақылау құжаттарын орындау мерзімдерін бұзу және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы хаттардың ҚБ және ЕҰ-мен орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Компания Басқармасы Төрағасының өндірістік кеңестерінің хаттамаларын нормобақылауды жүзеге асырады, тіркейді, өңдейді және сканерлейді;
- орындаушылық тәртібі бойынша ҚБ және ЕҰ дайындаған құжаттарға (қызметтік жазбаларға, сұраулар жауаптарына), оның ішінде бақылау құжаттарының мерзімдерін ұзарту, оларды бақылаудан алу негізділігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ оның негізінде бақылау құжаттарымен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар дайындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету; мұрағаттану; мемлекеттік және жергілікті басқару; экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; журналистика; филология; әлеуметтану; саясаттану; әлеуметтік жұмыс; құқықтану; халықаралық қатынастар; аударма ісі; жұртшылықпен байланыс және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.