«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Достық филиалының директоры
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыруға, қабылданатын шешімдердің салдары үшін толық жауапты бола отырып, филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, филиалдың жұмысына дербес жауап беруге;
- әртүрлі деңгейдегі бюджеттер алдындағы, сондай-ақ күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттар және күзет қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шарттар бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, филиал қабылдайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге;
- күзетілетін жүктер мен сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сақталмайтын тасымалдар жағдайларына жол бермеу процестерін ұйымдастыруға міндетті. Күзетуге қабылданған жүктер мен сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеген кезде күзетілетін жүктің ықтимал ұрлану (пломбалардың, оның ішінде кедендік пломбаның жоғалуы, бұзылуы, жүктің бекітілуінің алынуы және зақымдануы) белгілері бар коммерциялық ақаулықтарды анықтау фактілері бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізуге;
- филиал қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, олардың Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, электр және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын қатаң сақтауын бақылауға міндетті;
- Кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жұмыс берушінің өкілеттіктерін іске асыруды және кепілдіктерін сақтауды қамтамасыз етуге, тәрбие жұмысының деңгейін арттыруға және аппарат пен атқыштар командаларындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін нығайтуға.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), күзет ұйымында басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы куәліктің болуы міндетті.
- Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда немесе мемлекеттік басқару органдарында немесе көлікте басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.