«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол және құрылыс департаментінің Техникалық саясат жөніндегі менеджері (15 грейд)

от 482 846 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
14

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жиынтық есепті құрастыруды және қызметтік-техникалық ғимараттардың, жол қашықтықтарының модульдік ғимараттарының нақты жай-күйін талдауды жүзеге асырады;
  • Филиалдардың өтінімдерін қалыптастыруды және қорытуды, Департаменттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарының жобасын қалыптастыруға қатысуды, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді (қызметтік-техникалық ғимараттарды, модульдерді жөндеу және жаңғырту, өндірістік ғимараттарда жылыту жүйесін сығымдау) жүргізуге өтінімдерді қалыптастыруды және ұсынуды жүзеге асырады;
  • Филиалдардың өтінімдері негізінде сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен қызметтерге баға сараптамасын жүргізуге сұрау салуларды қалыптастырады;
  • Филиалдар мен Департаменттің қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы дайындауға және қалыптастыруға қатысу, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық шарттар мен техникалық ерекшеліктерді қалыптастырады;
  • Филиалдардың баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;
  • Филиалдар мен Департаменттің қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасасу мониторингін, тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтарды жеткізуді, сондай-ақ қызметтік-техникалық ғимараттарды, модульдерді, теміржол өткелдерін күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, жоспардың орындалуы туралы есептер дайындау;
  • Филиалдар арасында негізгі құралдарды беру және қайта бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады: құжаттарды жинау, Дирекцияның, Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен келісу және бұйрық шығару;
  • Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне Департаменттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін келісуге қатысады;
  • Департаменттің негізгі қызметі бойынша шығыстар жоспарының орындалуын талдауды жүзеге асыруға, Дирекцияның, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша қажетті анықтамалар мен ақпаратты ұсынуға қатысады;
  • Техникалық саясат бойынша функционалдық бағыт шеңберінде тауарлық-материалдық құндылықтардың НВЛ және НЛ болуы бойынша есеп жүргізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.