«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС дамыту департаментінің директоры

Зарплата не указана
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қолданыстағы бизнес-процестерін талдау және модельдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлайды және үйлестіреді;
  • серіктестіктің бизнес-архитектурасының тұтастығын бұзуды болдырмау мақсатында бастамаларды, техникалық шешімдерді және инновациялық ұсыныстарды шоғырландыру процесін бақылауды жүзеге асырады;
  • серіктестіктің Стратегиясын / IT-стратегиясын іске асыру жоспарының орындалуын үйлестіреді;
  • тиісті жылға Серіктестіктің басшы қызметкерлері үшін нысаналы мәндері бар негізгі қызмет көрсеткіштері карталарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, сондай-ақ НҚК карталарын келіседі;
  • серіктестікті ұйымдастыру техникасымен, ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, сыртқы және ішкі телефон байланысымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді;
  • серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес ресми сайтты және телеграм-арнаны жүргізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Логистика; құқықтану; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; инновациялық менеджмент; жобаларды басқару; іскерлік әкімшілік ету; халықаралық қатынастар және/немесе темір жол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.