«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС жабдықтау жөніндегі функционалдық бағыттың басшысы
- Маркетингтік зерттеулер жүргізуді, серіктестік бойынша жоспарланатын және ағымдағы жылдарға арналған ТЖҚ-ның болжамды бағаларын айқындауды және алынған прайс-парақтардан, коммерциялық/ баға ұсыныстарынан жиналған ақпарат негізінде серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне баға қорытындыларын беруді үйлестіреді;
- Жүзеге асырылуы кідіріссіз сипаттағы бірінші кезектегі сатып алулар тізбесін жасауды және бекітуге шығаруды бақылайды;
- Сатып алу веб-порталында серіктестік бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қол қою жөніндегі жұмысты белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұйымдастырады;
- Серіктестік бойынша сатып алу веб-порталында ТЖҚ сатып алу туралы шарттардың жергілікті мазмұны бойынша ақпараттың орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Серіктестіктің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін қағаз жеткізгіште сатып алу туралы шарттардың үлгілік жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Функционалдық бағыттың құзыреті шегінде сыртқы және ішкі тексерулердің қорытындылары бойынша түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.