«KTZ Express» АҚ-ның «KTZE Солтүстік» филиалының (Қостанай қ.) корпоративтік мәселелер жөніндегі бөлімінің (персонал мәселелері бойынша) бас маманы

от 415 248 KZT
Филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Северный» Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Толық жұмысбастылық, Полный день
Вакансия приостановлена
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Адам ресурстарын басқару және кадрлық саясатты іске асыру саласындағы қызметті үйлестіреді;
  • Персоналдың сандық және сапалық құрамын жоспарлайды;
  • Жеке құрам бойынша бұйрықтарды шығарады (жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек шартын бұзу, тәртіптік жазалар қолдану, міндеттерді жүктеу, демалыстардың барлық түрлерін беру, іссапарға жіберу туралы);
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ Қоғам мен Филиалдың жергілікті актілеріне сәйкес персоналмен еңбек қатынастарын рәсімдейді және Филиалдың әкімшілік-басқарушылық персоналының есебін жүргізеді;
  • Персонал бойынша статистикалық есептілікті (персоналдың құрамы мен қозғалысы туралы) қалыптастырады;
  • Филиалдың еңбекақы төлеу қоры бойынша талдамалық анықтамаларды дайындайды;
  • Моральдық және материалдық ынталандыру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырады;
  • Филиалдағы еңбекке ынталандыру және уәждеу жүйесіне мониторинг жүргізеді және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • Әлеуметтік мәселелер және сыйақы беру жөніндегі комиссия отырысында материалдық көмек көрсету мәселелерін қарастыру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ қабылданған шешімдер бойынша хаттамаларды жүргізеді;
  • Филиалдағы бос лауазымдарға қызметкерлерді конкурстық іріктеуді, сондай-ақ жаңадан қабылданған қызметкерлердің бейімделу мерзімін қысқарту мақсатында олардың кәсіби бағдарлануы жөніндегі әдістемелердің қолданылуын бақылауды жүзеге асырады және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқықтану; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Қоғаммен байланыс; Әлеуметтану; Саясаттану; Персоналды басқару және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Міндетті түрде: мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
  • Болғаны жөн: кадрлық іс жүргізу, персоналды басқару және HR салалары бойынша сертификаттардың болуы.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.