«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Отын ресурстары орталығы» филиалының Адами ресурстарды басқару департаменті кадрлық әкімшілендіру тобының менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;
- еңбек кітапшаларын және басқа да құжаттарды толтырады, есепке алады және сақтайды;
- 1С жүйесіне қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты енгізеді, ұйымның кадрлар туралы деректер банкін бақылайды, оның уақтылы жаңартылуы мен толықтырылуын қадағалайды;
- жұмыскерлерге демалыстар беруді есепке алуды жүргізеді, кезекті демалыстардың кестелерін жасау мен сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
- еңбек шартын, жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру кезіндегі қосымша келісімді дайындау және қол қою жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
- жұмыскерлердің толық материалдық жауапкершілігі туралы шартты дайындау және қол қою жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және оларды тіркеу;
- тиісті құжаттарды жинауды жүзеге асырады, қызметкерлердің өтініштерін келісу процесін ұйымдастырады, бұйрықтардың жобаларын дайындайды және оларға қол қойылғаннан кейін оларды тіркеуді жүзеге асырады;
- бұйрықтардың көшірмелерін қол қойғызып бухгалтерлік есепке береді;
- жұмыскерлердің өтініші бойынша олардың қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар береді;
- жұмыс уақытын есепке алу кестесінде жұмыскерлердің кадрлық қозғалысын (келу, болмау, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі, демалыс, іссапар) тексереді;
- жұмыскерлердің демалыстарының жиынтық кестесін қалыптастырады және жасайды;
- Damumed қосымшасындағы QR-код арқылы жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздық парағын тексереді;
- 1С жүйесіне жұмыскерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ бойынша ақпарат енгізеді;
- уақытша ауыстыру, жүктеу (үйлестіру), қызмет көрсету аймағын кеңейту бойынша отын қоймаларының қызметтік жазбаларын келісу процесін жүргізеді, бұйрықтардың жобаларын дайындайды және оларға қол қойылғаннан кейін оларды тіркеуді жүзеге асырады;
- қызметтік жазбаларды келісу процесін жүргізеді, отын қоймаларының жұмысшылар ауысымын өзгерту және 1С жүйесіне ақпарат енгізу;
- кадр мәселелері бойынша есептілікті жүргізеді, оның ішінде белгіленген мерзімде статистика органдарына, жұмыспен қамту орталығына еңбек жөнінде ақпарат береді;
- демалыс күндері жұмысқа шығу туралы бұйрық жасайды;
- филиалдағы кадрлық өзгерістер туралы қысқаша ақпаратты қалыптастырады және таратуды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару, педагогикалық мамандықтар; мұнай-газ ісі және /немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.