"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана станциясының персонал жөніндегі менеджері

443 414 - 464 486 KZT
Акмолинское отделение магистральной сети Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Вакансия приостановлена
Создана:

Берілген өтінім:
22

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Кадр резервін іріктеу, қалыптастыру және ротациялау бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру. Кадр резервіне қойылған Филиал қызметкерлерін ротациялау жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
  • Бос әкімшілік лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу рәсімдерін бақылау және ұйымдастыру.
  • Кадр мәселелері бойынша бұйрықтардың, өкімдердің, кеңестердің жобасын дайындау.
  • SAP бағдарламасында Филиал персоналын есепке алуды құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
  • Еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарау бойынша жұмыстарды жүргізу.
  • Филиалдың бөлімшелерінде еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша тексерулер жүргізу, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек шарттарының талаптарын сақтауын тексеру, кадр ісін жүргізу.
  • Филиал қызметкерлерінің кәсіби қасиеттерінің лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін талдау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары.
  • Мамандығы: Юриспруденция; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Жұртшылықпен байланыс; Әлеуметтану; Саясаттану; Персоналды басқару және/немесе темір жол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.