«ҚТЖ- Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектелген серіктестігі «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының Семей станциясының пойыз құрастырушысы
Лауазымдық міндеттер:
Лауазымдық міндеттері:1. Мақсатты нұсқама журналына қол қойғыза отырып, мақсатты нұсқамадан өтумен, БЖБ жүйесінде 5 минутпен, поездар қозғалысының қауіпсіздігімен, алдағы жұмыс жоспарымен және келіп түскен ақпаратпен таныса отырып, планерлік кеңестерге уақтылы қатысады.
2. Кезекшілікке кірген кезде және оның барысында өзімен бірге жарамды киілетін радиостанциясы, сигналдық жалаулар жиынтығы (күндіз) және қол шамы (түнде және нашар көрінген кезде - тұман, боран, қар жауады), ысқырығы болады.
3. Вагондар құрамы мен топтарын таратуға және қалыптастыруға қатысады.
4. Еріту кезінде ағытпалар арасындағы қажетті аралықтарды қамтамасыз етеді.
5. Құрамдарды сұрыптау-жөнелту паркінің жолдарындағы вагондардың санына, ауа-райының жағдайына, ағытпалардың салмағы мен шамасына қарай сұрыптау сырғанағы арқылы тарату кезінде жылжу жылдамдығын реттейді.
6. Вагондарды пойыздарға ағытуды және тіркеуді жүргізеді.
7. Вагондарды тиеу-түсіру, кірме жолдарға және басқа да мамандандырылған жолдарға беруді жүзеге асырады, вагондарды ауыстыруды және оларды осы жолдардан жинауды жүргізеді, вагондарды локомотивсіз жалғау, басып озу және салмақ жолдарында қалдыруға жол бермейді
Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптары:Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі: поездар құрастырушының көмекшісі/ вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл
Қосымша талаптар:
Қосымша талаптар:Білуі керек:
Міндетті:
Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жауапкершілік, құзыреттілік және міндеттер шеңберіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы; теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидалары, пойыздардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық, теміржол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық ‒ поездар құрастырушының жұмысына қатысты бөлігінде;
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттамасы және халықаралық / Мемлекеттік стандарттардың тиісті талаптары;
осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес құзыреті мен міндеттері шеңберінде "ҚТЖ ‒ Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "серіктестік") жергілікті актілері;
серіктестіктің, БП бөлімшесінің, станцияның бұйрықтары мен өкімдері және поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі басқа да басшылық құжаттар;
жұмысқа дайындық қағидалары, жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттері және жұмысты аяқтау тәртібі;
ақаулардың негізгі түрлері, ақаулар мен зақымданулар, апаттардың ықтималдығы және мүмкін болатын төтенше жағдайлар;
авариялық жағдайларға ден қоюдың пысықталған және бекітілген схемалары, құлақтандыру жүйесі, эвакуациялау тәртібі мен схемасы;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.