«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалдар» филиалының ф.б. шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- ЖЖМ алу және тұтыну есебін жүргізу және олар бойынша есептілік жасау;
- ТМҚ алу және тұтыну есебін жүргізу және олар бойынша есептілік жасау;
- бөлімнің іс қағаздарын жүргізу;
- бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін күнделікті жүргізу;
- сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру;
- жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- орталық аппарат қызметкерлерін қайта орналастыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру (жиһазды орналастыру, қайта орнату);
- жалға берілетін үй-жайларда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК " АҚ шаруашылығына өтінімді қалыптастыру және жолдау;
- есептен шығарылған ОЖ-ны филиалдардың қоймаларына әкетуді ұйымдастыру және бақылау;
- өтінімдерді қалыптастыру және ОА қызметкерлерін сумен қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы, Экономика; Қаржы; Бухгалтерлік есеп және аудит; Менеджмент.
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі ұйымдарында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.