Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының СЦБ электрлік орталықтандырудың сыртқы құрылғыларын жөндеу және ауыстыру жөніндегі бригадасының СЦБ электромеханигі

от 410 783 KZT
Центр автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Вахталық әдіс
Внутренний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Жаңа теміржол желілерін салу, СЦБ мен байланыс құрылғыларын жаңғырту және реконструкциялау кезінде еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізеді
ЖАТС инфрақұрылымын салудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың және күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестелері бойынша жұмыстарды орындайды
Пайдалануға берілетін жаңадан монтаждалған немесе жаңғыртылған СЦБ құрылғыларын өлшеуді, жеке және кешенді сынақтарды жүргізеді
Іске қосу-баптау процесінде ЖАТС релелік және микропроцессорлық жүйелерінің монтаждық және принципиалды схемаларын тексереді әрі сәйкестікке келтіреді
Монтаждалған объектілер мен жүйелердің бекітілген жобалық-сметалық және техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді
Станцияларды күрделі жөндеу және реконструкциялау барысында СЦБ-ның ескі аспаптарын, тораптарын және жүйелерін жаңасына/жаңғыртылғандарына ауыстыруды қамтамасыз етеді
Теңіржол автоматикасы мен телемеханикасының жаңадан салынған және реконструкцияланған объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың құрамында қатысады
Іске қосу-баптау сынақтары мен тексерулері барысында анықталған монтаждау дефектілерін және ЖАТС жүйелерінің жұмысындағы ауытқуларды жедел жояды
Аға электромеханикке көшпелі бригадаларды құрылыс жабдықтарымен және монтаждау құрал-саймандарымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және ұсынады
Кабельдік желілерді және ЖАТС модульдерін қалпына келтіруді талап ететін ауыр ақаулардың, табиғи апаттардың немесе апаттардың салдарларын жою үшін ауқымды шығуларға қатысады
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ДУ-46 журналына жазбаларды рәсімдейді
Станция бойынша кезекшімен бірлесе отырып, тәуелділіктерді тексереді, іске қосу-баптау жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңадан монтаждалған немесе реконструкцияланған басқару аппараттарын пломбалауды жүзеге асырады
Бекітілген мобильді құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, шағын механизация құралдарының және жобалық құжаттаманың сақталуын, жарамдылығын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді
Құрылыс дефектілері, бөгде ұйымдардың монтаждау ақаулары немесе тасымалдау кезінде жабдықтың зақымдануы анықталған кезде Мамандандырылған отряд басшылығына баяндайды
Жұмыс істеп тұрған теміржол учаскелерінде құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау кезінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Уақытша сақтау алаңдарында және құрылыс объектілерінде материалдық құндылықтардың, кабель өнімдерінің, СЦБ-ның еден үсті және посттық жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етеді
Егер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру бригада қатысушыларының өміріне және денсаулығын жоғалтуға қауіп төндіретін болса, қауіпті жұмыстарды тоқтатады
СМР жүргізілетін объектілерде ИС ПБ-да дереу рәсімдей отырып, еңбекті қорғауды бақылаудың бірінші сатысын жүргізеді
Құрылыс алаңдарында және ЖАТС жабдықтарын монтаждау аймақтарында қауіпті факторлар анықталған кезде қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогын жүргізеді
Далалық жағдайларда ИС ПБ мобильді қосымшасы арқылы орын алған тәуекелдермен, оқиғалар туралы бюллетеньдермен және молниялармен уақтылы танысады
Күрделі құрылыс объектілерінде жұмыс істеу кезінде СИЗ, жоғары қауіпсіздік құрал-саймандарын және монтаждау бейімдегіштерін қолданады және дұрыс пайдаланады
Салынып жатқан объектілерде авариялық жағдайлар мен жазатайым оқиғалар туындаған кезде көшпелі бригада / отряд басшысын уақтылы хабардар етеді
Бригаданың мобильді мүкәммалдық ғимараттарын (байланыс вагон-летучкаларын) қысқы маусымға уақтылы дайындауды және консервациялауды қамтамасыз етеді
Құрылыс алаңының бекітілген аумағын және жабдықты монтаждау орындарын таза әрі тәртіпте ұстайды
Іске қосу-баптау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын тәуекелдерді сәйкестендіру (идентификациялау) және бағалау бойынша жұмысты ұйымдастырады

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Ұқсас бос жұмыс орындары

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалы Солтүстік өңірдің поездар қозғалысын басқару өңірлік орталығының өндірістік-техникалық бөлімінің және қозғалыс қауіпсіздігінің жетекші инженері
«ҚТЖ «ҰК» АҚ - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалы | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
от 441 859 KZT
24.07.2026
"Вагонсервис" АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы Астана учаскесінің өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері
Участок Астана Акмолинский филиал по ремонту пассажирских вагонов | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
410 783 - 429 234 KZT
24.07.2026
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу орталығының ағымдағы ағытып жөндеу бөлімінің бастығы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Вагондарды ағымдық ағытып жөндеу орталығы» филиалы | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
543 964 - 568 242 KZT
24.07.2026