«ҚТЖ «ҰК» АҚ Қарағанды магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Қарағанды жол дистанциясы Шокай-Мырза №5желілік учаскесінің жол шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Жөнделген учаскелер мен нысандарды пайдалануға уақтылы беру;
- Еңбек өнімділігін арттыру;
- Жол машиналары, механизмдері, құрылғылары мен олардың техникалық мүмкіндіктерін максималды түрде пайдалану негізінде жұмыс күшін төмендету;
- Жұмыс өнімінің ережелері мен технологияларын сақтау, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын енгізу мен материалдарды, жанар-жағармай мен энергияны рационалды пайдалануды қамтамасыз ету;
- Бригадаларға өндірістік тапсырмаларды, машиналар, механизмдер мен құрылғылар, материалдар, жанар-жағармай, электр қуаттар, еңбек ақы қорын бағалау, еңбек ақының соңғы нәтижелерін бағалауды және жоспарларды уақтылы жеткізу (арнайы жол жөндеушілер үшін ірілендірілген жол дистанциялары есебінен басқарудың жаңа модельдері кезінде);
- Жол бригадаларының жұмысын жүргізу, жол жөндеушілерді поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік техникаларын қамтамасыз етуге оқыту мен нұсұаулықтар жүргізу;
- Күрделі жөндеудің бекітілген технологиялық үрдістерді, өндірістік кестелерді жолды қалпында ұстау кезінде негізгі жұмыстарды орындау барысында ережелер мен технологиялардың сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтар пайда болған кезде себептерін жою;
- Жұмысты орындау басталарға дейін жол жөндеушілерге, керек болған жағдайда жеке жұмыскерлерге нарядтар беру, жұмысты орындау жағдайларымен, өндіріс нрмаларымен жұмыскерлерді таныстыру;
- Бригадаларды құрастыру (олардың сандық, кәсіби-біліктілік құрамын), бригадаларға рационалды қызмет көрсету бойынша іс-шаралар енгізу;
- Жұмыстарды орындаудың сапасы мен есептілігінің түзулігін, айлы және жарты айлық кестелердің жүргізілуі мен толтырылуын, жол дистанциясына ауыр типті жол машиналарының кешенді жұмыстарының орындалуы туралы нарядтарды уақтылы тапсыру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейін), орта (иехникалық немесе кәсіби), орта немесе бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
- Мамандығы: Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері, көлік құрылысы \
- Жұмыс өтілі: 1 жылдан кем емес (жоғары білімі болған кезде), 3 жылдан кем емес (орта білімі болған кезде), 4 жылдан кем емес (бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлық білімі болған кезде)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.