"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының корпоративтік оқыту бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (16 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорындарының және оның қызметкерлерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді мамандандырылған сертификаттау бағдарламаларын іске асырады;
- Оқыту процесінің тиімділігін жақсарту мақсатында оқытудың әдіснамалық базасын (материалдар, рәсімдер, ережелер, бағдарламалар, тұжырымдамалар) әзірлейді;
- Компания қызметкерлерін оқытудың және дамытудың күнтізбелік жоспарын қалыптастырады: Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес персоналды оқыту және дамыту қажеттілігін талдайды;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ тобы бойынша персоналды оқыту бойынша шығыстарды бақылауды және мониторингті жүзеге асырады:
- Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен және оның еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
- Іс-шараларды (корпоративтік бағдарламалар, Mini MBA, тағылымдама, дуальды оқыту және басқалар) іске асыру бөлігінде ҚР және шет елдердің оқу орындарымен (ЖОО/ЖСБ) өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Оқыту іс-шараларының тиімділігін талдауды, бағалау нысандарын өңдеу жолымен жаттықтырушылардың тиімділігін талдауды жүргізеді;
- Заңнамамен реттелетін міндетті түрлер бойынша оқытуды іске асырады;
- Қызметкерлердің оқыту іс-шараларына қатысу статистикасына, оқыту мен дамытуға, қатысу нормаларын сақтауға жұмсалатын қаражатқа талдау/мониторинг жүргізеді;
- Оқыту іс-шараларының тиімділігін талдауды, бағалау нысандарын өңдеу арқылы жаттықтырушылардың тиімділігін талдауды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Мамандығы: құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; жұртшылықпен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.