«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Қарағанды ​​магистральдық желі бөлімшесі» филиаланың Жаңаарқа станциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технологы (1 санат)

380 355 - 397 439 KZT
Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Уақытша лауазым
 

Құрылды:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Станциялардың бекітілген учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі диалог) бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  • Станциялардың бекітілген учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік саласында ішкі бақылаудың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
  • Өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізеді, оның ішінде станциялардың бекітілген учаскелеріндегі қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік мониторинг жүргізеді; 
  • Тексерулерді жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Оқу орындарының оқушыларымен кіріспе нұсқаулық өткізеді;
  • Станциялардың бекітілген учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды ұйымдастыру мен өткізуді бақылайды;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинетін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиеттермен, плакаттармен, техникалық құралдармен жасақтайды;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
  • Жұмыс орны; Жаңаарқа станциясы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.