«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Қарағанды» филиалының Балқаш пайдалану локомотив депосы шаруашылық цехының тепловоз машинисінің көмекшісі

от 248 046 KZT
ТЧЭ-16 Балқаш пайдалану локомотив депосы Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
66

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Локомотивтерді қабылдау және тапсыру кезінде, сондай-ақ жүру жолындағы тұрақтар кезінде нормативтік құжаттар мен жергілікті нұсқаулықтардың белгіленген талаптарын қатаң сақтай отырып, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
  • ТЖҚ тораптары мен агрегаттарына күтім жасау, оған техникалық қызмет көрсету бойынша машинистің тапсырмаларын уақтылы және дәл орындау, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін және қарсы келе жатқан поездардың жай-күйін бақылау;
  • Қажет болған жағдайда, машинистің жұмыс орнында тұрып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына барған кезде поезды (ТПС) өздігінен кетуден бекітуді жүргізу (шолуы қиын капот үлгісіндегі шанағы бар локомотивтерді қоспағанда, мұндай локомотивтер сериясының тізбесін " ҚТЖ" ҰК" АҚ белгілейді);
  • Сигнал көрсеткішін, машинист контроллерінің немесе тартуды басқару органдарының жағдайын, тежегіш және қоректендіру магистральдарындағы қысымның шамасын, бағдаршамның тыйым салу сигналына белгіленген жүру жылдамдығын бақылау және мезгіл-мезгіл машинистке баяндау;
  • Машинист тарапынан жылдамдықты төмендету және тыйым салу сигналының алдына қою әрекеттері болмаған кезде бағдаршамның тыйым салу сигналының өтуіне жол бермей, поезды тоқтатуға барлық шараларды өзі қабылдауға тиіс.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
  • Мамандығы: темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.