вагон жууышы тазалаушы
Лауазымдық міндеттер:
Вагондарды жуу бастығының нұсқауларын, өкімдерін және тапсырмаларын басшылыққа алу.
Планеркалық жиналыс алдында вагон жуушы өзінде қызметтік куәліктің, ҚА (қозғалыс қауіпсіздігі) және ЕҚ (еңбекті қорғау) бойынша қызметтік формулярлардың, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін, нормалары мен нұсқаулықтарын тексеру туралы куәліктің болуын тексеруі, арнайы киім, арнайы аяқ киім және сигналы бар жилет киюі тиіс.
Ауысымға кірісер алдында тапсырушы ауысымнан жалпы пайдаланылатын мүліктерді, слесарлық құралдарды, аспаптарды қабылдап алу. Бұл ретте жұмыс ауысымы ішінде олардың сақталуына жауапты болу.
Жұмыс басталар алдында планеркалық жиналыста өз міндеттеріне қатысты түскен бұйрықтармен, нұсқаулармен танысу, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту
KTZ HSE мобильді қосымшасында тіркеуден өту, орын алған оқиғалармен (Бюллетень, Молния) танысу, ішкі бақылау мен қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогының көрсетілген тапсырмаларының мәртебесін тексеру.
Бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесі
Қызметкерлер құрамы
Бағыттар бойынша басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі
Қызметкерлер құрамы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.