Алтынкөл айналым депосының депо кезекшісі

380 355 - 397 439 KZT
ТЧЭ-28 Алматы локомотив пайдалану депосы Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

1) Аусым жұмыскерлерінің қызметін басқару және оған бақылау жасау, олардың құрамына: аусым шеберлері мен ТҚӨП (локомотивтерді техникалық қызмет көрсету пункті) аусым жұмыскерлері, нарядшылар, ЛҚЖО (локомотивтер қозғалысын жедел басқару операторы) операторлары, локомотив бригадалары, локомотивтерді жылытумен, жабдықтаумен, депо жолдарындағы маневрлік жұмыстармен айналысатын бригадалар, локомотив бригадалары демалыс үйлерінің кезекшілері, сондай-ақ жедел бағыныстағы локомотив бригадаларын шақырту автокөліктерінің жүргізушілері кіреді;
2) Аусымға түсу кезінде депо бойынша кезекші аусымды өткізіп беруші депо бойынша кезекшіден мыналармен танысуы тиіс:
поездық және маневрлік жұмыстардың тәуліктік жоспарымен, соның ішінде локомотивтерді поездық емес жұмыс түрлеріне беру жоспарымен, жедел поездық жағдаймен және локомотивтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне қою және олардан шығару бойынша жоспар-тапсырмамен;
3) Поездық және маневрлік жұмыстардың тәуліктік-аусымдық жоспарын локомотив бригадаларымен қамтамасыз ету;
4) Барлық жөндеу түрлерінде, техникалық қызмет көрсетуде және уақытша резервте (УРЛ) тұрған локомотивтердің, сондай-ақ жұмысты күтудегі локомотивтердің болуымен және жай-күйімен;
5) Локомотивтерді техникалық қызмет көрсетуге қою, жанармай құю және одан шығару жоспарымен немесе кестесімен;
6) Сумен жабдықтау және электр күші шаруашылығы құрылғыларының, энергиямен жабдықтау және түйіспелі желі құрылғыларының жай-күйімен, тракциялық жолдардың, бұрмалық бұрылыстардың жай-күйімен; жаңадан түскен бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, пойыз қозғалысының қауіпсіздігі және еңбекті қорғау материалдарымен танысу, ауысым басталар алдында барлық жұмыскерлерді алдағы жұмыс жоспарымен таныстыру;
7) Ауысым басталар алдында барлық жұмыскерлерді алдағы жұмыс жоспарымен таныстыру, рейс немесе ауысым алдында локомотив бригадаларына нұсқама жүргізу;
8) График, наряд немесе шақыру бойынша локомотив бригадаларының жұмысқа уақытылы келуін жеке бақылау, поездардың келуі бойынша тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайларда кезекті бригадаға оның жұмысқа келу уақытының өзгергені туралы алдын ала хабарлау;
9) Машинистердің «Машинистердің ескертулер кітабына» енгізетін жазбаларын тексеру және тиісті аралас қызметтерге беру, поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы белгіленген тәртіппен филиал басшыларын дереу хабардар ету;
10) Локомотив паркінің болуын, жай-күйін, локомотивтерді пайдалану жұмысы мен көрсеткіштерін, сондай-ақ басқа да белгіленген құжаттаманы есепке алудың жедел құжаты болып табылатын ТУ-1 нысанды үстел журналының (бұл журналды электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі) белгіленген тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз ету;
11) Локомотивтердің белгіленген жөндеу аралық жүрісінен асып кетуіне (перепробег) жеке жауапкершілік арта отырып, локомотивтерді жөндеудің барлық түрлеріне уақытылы ағытуды жүргізу;
12) Депо бойынша кезекші депо жолдарының бағыттамалы бұрмаларының, цехтардағы және депо аумағындағы депо құрылғыларының, жабдықтау құрылғыларының, қарау орларының, жабдықтау орындарының ақаусыз күйін жеке өзі немесе ауысым қызметкерлері арқылы бақылауды жүзеге асыруға және ақаулар мен оларды күтіп-ұстаудың белгіленген талаптарынан ауытқуларды жою бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті;
13) Депо бойынша кезекші қатып қалуға және оқшаулама (изоляция) кедергісінің төмендеуіне бейім локомотивтердің жабдықтарын жеке өзі немесе ауысым қызметкерлері арқылы бақылауды жүзеге асыруға міндетті, бұл жабдықтар пайдалану локомотив депосы филиалының директоры бекіткен жергілікті нұсқаулықта белгіленген тәртіппен (қысқы кезеңде) жылытуға қойылуы тиіс.




Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы келесі сала бойынша: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару)
Жұмыс тәжірибесі: локомотив машинисі лауазымында кемінде 2 жыл

Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі)
Сала бойынша мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару) 
Жұмыс тәжірибесі: локомотив машинисі ретінде кемінде 2 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.