"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Тасымалдау процесі дирекциясы"филиалының Достық пайдалану вагон депосы 26 - ІІД Достық ст. техникалық қызмет көрсету пунктінің өндірістік оқыту шебері
Лауазымдық міндеттер:
-ПТО (вагондарды техникалық қызмет көрсету пункті), ТОР (ағымдағы ағытпалы жөндеу), ППВ (вагондарды рейске дайындау пункті), КП (бақылау пункті) қызметкерлерімен желіге шығу арқылы техникалық оқу өткізеді.
- Кадрларды техникалық оқыту оқу желісін қажетті оқу және есепке алу құжаттамасымен, сондай-ақ әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етеді және оған ықпал етеді.
- Техникалық оқу жағдайын тексеру бөлігінде күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулерге қатысады.
- Вагон шаруашылығы нұсқаушыларымен, вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің бастықтарымен әдістемелік жұмысты (бару арқылы) бақылайды және ұйымдастырады, кестелердің, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың сапасын, есепке алу және оқу құжаттамасының жүргізілу дұрыстығын тексереді.
- Техникалық оқытудың оқу-материалдық базасын дамыту және нығайту, техникалық кабинеттерді көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
- Белгіленген мерзімде вагон шаруашылығы департаментіне кадрларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, техникалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша есептер дайындайды.
- Оқу бағдарламаларының, техникалық сабақтардың жоспар-графиктерінің орындалуын, сабақтарды есепке алу журналын бақылайды, процесс барысында қызметкерлердің білімі мен білік-дағдыларын тексереді.
- Техникалық оқу және кадрларды даярлау мәселелері бойынша бұйрықтардың, нұсқаулардың, ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Кадр бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп оқу топтарын жинақтайды, вагон шаруашылығының инженерлік-техникалық қызметкерлері мен тиісті мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті жұмысшылар қатарынан оқытушыларды, нұсқаушыларды іріктейді және бекітуге басшылыққа ұсынады
Біліктілік талаптары:
- білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі): Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар және вагон шаруашылығы), пайдалану вагон депосында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде вагон қарап тексеруші, вагондарды жөндеу бойынша қарап тексеруші, ағымдағы жөндеу бригадирі лауазымдарында кемінде 2 жыл.
- білімі орта (техникалық және кәсіптік): Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.