«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жезқазған (1-сынып) теміржол станциясының бастығы

552 225 - 600 780 KZT
Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан көп Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
10

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттеріне сәйкес станцияның қызметін басқарады және ұйымдастырады
  • Станция қызметкерлерімен еңбек қатынастары саласында компанияға берілген сенімхат негізінде және қайта сенім білдіру құқығы, филиал директоры берген сенімхат болған кезде, сондай-ақ филиалдың жергілікті актісімен бекітілген лауазымдар номенклатурасы бойынша өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдайды
  • Тасымалдау процесіне қатысушылармен жасалған шарттарға сәйкес қызметтердің сапасын және олардың жалпы пайдалану жолдарындағы өндірістік қызметі үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді
  • Станцияның техникалық-өкімдік актісін, станция жұмысының технологиялық процесін, жергілікті нұсқаулықтарды және станция жұмысын реттейтін басқа да құжаттарды әзірлейді
  • Компанияның жергілікті актісінде көзделген тәртіппен өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді
  • Темір жол станциясының, бағыттамалардың, сигналдардың және басқа да техникалық құрылғылардың жарамды жай-күйін, аумақтың, бағыттамалық бекеттердің, бағыттамалардың, өтпелердің, тиеу-түсіру пункттерінің қалыпты жарықтандырылуын бақылайды

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 жыл, оның ішінде станция бастығының орынбасары (жедел жұмыс бойынша)/бас инженер лауазымында кемінде 2 жыл және поезд диспетчері / бөлімше бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл
  • Жұмыс орны: Жезказған станциясы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.