ҚТЖ ҰК АҚ - Алматы магистральдық желі бөлімшесі филиалының Алтынколь станциясы қалпына келтіру пойызы бастығының орынбасары

403 731 - 420 816 KZT
Алматы магистральдық желі бөлімшесі Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Техниканың, жабдықтардың және жылжымалы құрамның техникалық жағдайының дұрыс болуын және тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
  • поездардың жолдан шығуы мен соқтығысуының салдарларын жою кезіндегі қалпына келтіру жұмыстарын басқару;
  • апаттарды жою кезіндегі еңбек қауіпсіздігін, соның ішінде қауіпті жүктермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • жабдықтарды, арнайы техниканы, құрылыстар мен құрылғыларды уақтылы жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • бекітілген техникалық құралдар мен инфрақұрылым объектілерін жөндеуді жоспарлау;
  • жүк көтергіш крандардың, тарту құралдары мен құрал-саймандардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
  • жылжымалы құрамды тоқсан сайын обкатка жасауды ұйымдастыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орталығында мамандығы бойынша дайындық;
  • Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару, Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару; Теміржолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Электрмен жабдықтау;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет профилі бойынша кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.