"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Ақмола"филиалының жетекші инженері (өнеркәсіптік қауіпсіздік)
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізеді
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар береді, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға және процестер технологиясына өзгерістер енгізу бойынша, сондай-ақ түзету іс-қимылдарының жоспарларын келісуге қатысады
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ықтимал тәуекелдерді сәйкестендіру және азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау процестерін әзірлейді және орындайды
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық стандарттардың,салалық стандарттар талаптарының және компанияның өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметін регламенттейтін нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ықтимал тәуекелдерді сәйкестендіру және азайту бойынша есепке алу мен талдау жүргізеді
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды
- филиал кәсіпорындарын өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы қажетті жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз етеді
- кәсіпорындардан баға ұсыныстарын, негіздемелерді сұратады, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы ЦМО-ға сұрау жібереді
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы филиал бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бюджетті түзетуді есептеуді, негіздеуді, сақтауды, есепке алуды қамтамасыз етеді
- бекітілген бюджетке және ЦМО сәйкес сатып алу жоспарына өтінімдер береді, сатып алу жоспарының жүргізілуін, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер бойынша шарттардың орындалуын бақылайды
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар)инженерлік жүйелер; Экология; жылу энергетигі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.