"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Адыр 4-класс станциясының жүк пен багажды қабылдап тапсырушысы

243 549 - 256 139 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Ақмола» Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Қызмет көрсетілетін учаскедегі жағдаймен танысу, р/с жолдарына берілген және станция жолдарында беруді күтіп тұрған вагондарға қажетті құжаттардың болуын тексеру (вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, вагондарды беру және әкету жадынамалары, ГУ-46 ведомостары және т.б.)
Қабылдау-тапсырушының ауысымын тапсырушыдан жергілікті түсіруге келген вагондарға (вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, жадынамалар, ГУ-45 жадынамлары, ГУ-46 ведомостары), ілеспе станциялардың жалпы нысандағы актілеріне барлық есепке алу құжаттарын қабылдау,   ДУ-8,ВУ-14,  ГУ-34,  ГУ-2 есепке алу кітаптарын жүргізу
Тиелген вагондарды түсіруге және бос вагондарды коммерциялық тұрғыдан тиеуге тапсыру, тиісті құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ оларды түсіргеннен және тиегеннен кейін қабылдау
Жіберушілер мен алушылардың талаптарды сақтауын бақылау
Жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттары, СМГС, ППГ, СМГС 3-қосымша
Вагондардың жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын, кірме жолдарда вагондардың тұрып қалу нормаларының орындалуын бақылау
Вагон парақтарын, жалпы нысандағы актілерді, вагондарды беру және әкету жадынамаларын, вагондарды беру және әкету ведомостарын және Жүктерді тасымалдау қағидаларының ережелерін ескере отырып, басқа да құжаттарды сапалы және уақтылы ресімдеу
Пломбалардың болуын, жай-күйін, ЗПУ нөмірлерінің құжатқа сәйкестігін, люктер мен есіктердің, ернеулердің жабылу тығыздығын, люктердің қақпақтары мен цистерналардың ағызу аспаптарының жабылу тығыздығын анықтау үшін тиелген вагондарды коммерциялық қарап тексеруді жүргізеді, кейіннен вагондарды беру және жинау жадынамасына қол қойғызып, жүк алушының өкіліне береді
Жүк алушыларды ГУ-2 жазбасымен түсіру және тиеу үшін вагондардың келгені туралы уақытылы хабарлайды. Т.А.Ә. жауапты жүк алушылар, телефон нөмірлері және хабарлау уақыты түсініксіз алушысы бар вагондар келген кезде жөнелту станциясына жедел есеп беру үшін жедел түрде жалпы нысандағы акт жасайды.
Жүк пен қоқыс қалдықтарынан, бекіту деректемелерінен, қауіптілік белгілерінен түсірілгеннен кейін вагондарды толық тазартуды бақылау, люктерді, борттарды, есіктерді жабу.
ТҚҰ қызметкерлерімен бірлесіп тиеуге бос вагондарды коммерциялық тексеруді ВУ 14 журналына қол қоя отырып жүргізеді.


Біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

Білімі: Жоғары және орта (кәчіби және техникалық)
Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі),, жүк және коммерциялық жұмыс
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.