Мастер Тобольского производственного участка Астанинской дистанции защитных лесонасаждений филиала АО «НК «ҚТЖ» - «Акмолинское отделение магистральной сети»
- Жедел жұмыс бөлімшесінің қызметін ұйымдастырады, қызметкерлерге тапсырмалар бөледі және жоспарланған көлемдік көрсеткіштердің орындалуын қадағалайды;
- Қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізеді және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Техниканың (тракторлар, соқалар, ағаш отырғызу машиналары) және құрал-саймандардың тиімді жұмыс істеуін, сондай-ақ материалдардың, отын мен энергияның үнемді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- Теміржолдарды қар мен құм көшкінінен қорғау мақсатында олардың бойындағы орман алқаптарының тиісті күтімін, басқарылуын және қорғалуын қамтамасыз етеді;
- Жұмыс сапасын жоғары деңгейде сақтай отырып, жедел және қаржылық жоспарлардың белгіленген мерзімде орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- Екпелердің жай-күйін қадағалап, оларды өрттен, зиянкестерден және орман шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардан қорғау бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.
Біліктілік талаптары:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Көлікті ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Орман шаруашылығы; Компьютерлік инженерия және бағдарламалық қамтамасыз ету; Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Теміржол автоматикасы, телемеханикасы және байланысы; Құрылыс.
- Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.