«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жаңа - Есіл темір жол станциясының бастығы

от 598 161 KZT
Акмолинское отделение магистральной сети Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан көп Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттеріне сәйкес станция қызметін басқарады және ұйымдастырады.
Станцияның техникалық-өкімдік актісін, станция жұмысының технологиялық процесін (технологиялық картасын), станцияның жұмысын регламенттейтін жергілікті нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды әзірлейді, НТҚ әзірлеуді бақылайды.
Станция шекарасындағы теміржолдардың, бағыттамалардың, сигналдардың және басқа да техникалық құрылғылардың жарамды жай-күйін, аумақтың, бағыттамалық посттардың, бағыттамалардың, өтпелердің, тиеу және түсіру пункттерінің қалыпты жарықтандырылуын бақылайды.
Қызметкерлерді қажетті мүкәммалмен, сигналдық құралдармен, материалдармен қамтамасыз етуді бақылайды
Сигнал беру, орталықтандыру, блоктау және байланыстың жаңа құрылғыларын, жылжымалы құрамды, жұмысты автоматтандыру құралдарын сынақтан өткізуге және енгізуге қатысады.
Құжаттаманы және есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қызмет аясы бойынша нормативтік, техникалық, басшылық, жедел-өкімдік, ұйымдастырушылық құжаттарды бекітеді.
Теміржол станциясының ресурстарға қажеттілігіне, олардың жұмсалуы мен қалдығына тұрақты талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Еңбекті көп қажет ететін процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, жаңа техниканың уақтылы енгізілуін ұйымдастырады.
Өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысты, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды қарау мен игеруді ұйымдастырады, өндірістің жаңашылдарын қолдайды және көтермелейді.
Өз қызметін станция аумағында жүзеге асыратын Филиалдың, Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен «Станция бастығы күнін» өткізуді ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Біліктілік талаптары: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы;
Жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.