Жүргізуші

240 133 - 248 013 KZT
ТОО «Транспортный холдинг Казахстана» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жол қозғалысы қағидаларын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтайды;
  • Жұмысқа шығар алдында және жұмыс процесі барысында алкогольді ішімдіктерді, психотроптық, ұйықтататын, антидепрессанттық және зейінге, реакцияға әрі еңбекке қабілеттілікке кері әсер ететін өзге де заттарды пайдаланбауға міндеттенеді;
  • Жол парақтарын және көлік құралын пайдалануға байланысты өзге де құжаттарды дұрыс әрі уақтылы толтырады, сондай-ақ жанар-жағармай шығысы мен жүріп өткен жолы туралы есептерді белгіленген мерзімде ұсынады;
  • Күн сайын жолға шығар алдында автокөлік құралының техникалық жай-күйін тексереді;
  • Жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық жарамды жай-күйінің сақталуын барынша қамтамасыз ететін кәсіби әрі қауіпсіз жүргізуді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар:

  • В, С санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы міндетті.
  • Қарым-қатынас орната білу.
  • Жоғары коммуникативтік дағдылар.
  • Командада нәтижелі жұмыс істей білу.
  • Нәтижелілікке бағдарланған басқару дағдылары.
  • Стресске төзімділік.

Бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесі
Транспорт, логистика

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.