Тепловоз машинисінің көмекшісі ТЧЭ-18 жүк қозғалысы Павлодар пайдалану локомотив депосы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Павлодар"

250 351 - 250 351 KZT
ТЧЭ-18 Павлодарское эксплуатационное локомотивное депо Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Локомотив бригадалары қызметкерлерінің міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша ПТЭ, ЖТҚ, ИАЖ талаптарын, қауіпсіздік материалдарын, уәкілетті органның, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, Қоғамның басқа да нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарын, сондай-ақ локомотивтерді пайдалану, оларға қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын,  ТПҚ-дағы өрт қауіпсіздігі;
  • пойыздарды жүргізу, маневрлік жұмыстарды орындау, локомотивтер мен МВПС-қа техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзінің біліктілігі мен техникалық білімін, кәсіби шеберлігін арттыру;
  • жұмыс кестесінде айқындалған мерзімде немесе ТЧЭ бойынша кезекшінің (ТЧЭ нарядшысының)шақыруы бойынша жұмысқа келуге;
  • локомотивтің (МВПС) конструкциясын, қызмет көрсетілетін учаскенің бейінін, ондағы тұрақты сигналдардың, сигналдық көрсеткіштер мен белгілердің орналасуын және олардың мақсатын, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін учаскедегі теміржол өткелдерінің орналасқан жерін білу;
  • негізгі немесе айналым депосы бойынша кезекшілердің, локомотивтердің айналым пункттерінің және локомотив бригадаларын ауыстырудың, осы учаскеге қызмет көрсететін ТЧЭ машинист-нұсқаушыларының жедел өкімдерін орындау;
  • локомотивтерді (МВПС) қабылдау және тапсыру кезінде, сондай-ақ жүру жолындағы тұрақтар кезінде нормативтік құжаттар мен жергілікті нұсқаулықтардың белгіленген талаптарын қатаң сақтай отырып, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
  • Мамандығы: темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.