«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Павлодар станциясының станция диспетчері
Лауазымдық міндеттер:
- Станция бастығынан немесе Павлодар станциясы бастығының орынбасарынан түсетін ауысымға жұмыс жоспарын жеткізеді (тұрақты, кезекшілікке кірген кезде)
- Бөлімше бойынша кезекшімен және поезд диспетчерімен (тұрақты, кезекшілікті қабылдау кезінде, кезекшілік процесінде) поездық, маневрлік және жүк жұмыстарын (3-4 сағаттық кезең бойынша)жоспарлайды
- Станция бойынша кезекшілерден, сұрыптау төбесі бойынша кезекшілерден маневрлік аудандардың жағдайы және жұмыскерлердің келуі, олардың жай-күйі (тұрақты, кезекшілікті қабылдау кезінде)туралы баяндама алады
- Қабылдау, жөнелту, өткізу жөніндегі ауысымдық жоспардың орындалуын, поездар мен берілістерді тарату және қалыптастыру, жүк жұмысы, вагондарды беру және жинау жөніндегі маневрлік жұмыстарға басшылықты және станцияның жұмысын қамтамасыз ететін басқа да қызметтер қызметкерлерінің іс-қимылдарын үйлестіруді ұйымдастырады (тұрақты, кезекшілік процесінде)
- Станция парктерінде құрамдарды тарату, қалыптастыру және өңдеу жөніндегі операцияларды барынша біріктіреді (тұрақты, кезекшілік процесінде)
- Техникалық құрылғыларды жөндеу, ауыстыру, профилактикалық тексеру үшін "терезелерді" ұсынады. Поездарды қабылдау және жөнелту мөлшерін шектейтін "терезелерді" беру станция бастығымен келісілгеннен кейін (тұрақты, кезекшілік процесінде)жол бөлімшесінің рұқсатымен жүргізіледі
- Шығару локомотивтерінің жұмысын поезд диспетчерімен келіседі (тұрақты, кезекшілік процесінде)
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі); орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы:
- жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі): Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- орта (техникалық және кәсіптік): Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- Жұмыс тәжірибесі:
- жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі): кемінде 2 жыл, оның ішінде орталықтандыру станциялық постының кезекшісі, парк бойынша кезекші, сыныптан тыс немесе 1–3 классты станция кезекшісі, сұрыптау дөңесінде кезекші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс
- порта (техникалық және кәсіптік): кемінде 3 жыл, оның ішінде орталықтандыру станциялық постының кезекшісі, парк бойынша кезекші, сыныптан тыс немесе 1–3 класты станция кезекшісі, сұрыптау дөңесінде кезекші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.