1 санатты маман "Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Түркістан филиалы Қызылорда станциясындағы атқыштар командасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері
- филиалда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
- өндірістік қауіпсіздік бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындайды
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ереженің жобасын әзірлейді / жаңартады
- әр мамандық, жұмыс түрлері үшін С және Б бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді / жаңартады
- филиалда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- ішкі бақылауды жүзеге асырады:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде мемлекеттік еңбек инспекциясының және өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының шешімдерін орындау;
- арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын сақтауды, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңсыздандыруды, залалсыздандыруды және жөндеуді ұйымдастыру және қызметкерлерді ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру және озық жұмыс тәжірибесін енгізу;
- құзыретті органдардың, басшылықтың тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады
- филиалдың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастырады және орындайды.
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Құқықтану; Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; электр энергетикасы, автоматтандыру және басқару
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.