"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының бухгалтерлік есеп департаментінің шығыстарды есепке алу және есеп айырысу жөніндегі функционалдық бағытының менеджері (15-грейд)

от 482 846 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Бастапқы құжаттарды (орындалған жұмыстар актілері, шот-фактуралар) қабылдауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 562 бұйрығына сәйкес бастапқы құжаттардың тиісті түрде ресімделуін тексереді;
  • SAP автоматтандырылған жүйесіндегі бухгалтерлік және салықтық тізілімдерге бастапқы құжаттарды енгізеді;
  • ҚҚС бойынша 300.00-нысанды декларацияға арналған салықтық тізілімді салыстырып тексереді;
  • Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (100.00-нысан) қатысты «өзге де шығыстар» туралы деректер мен олардың жіктемесін ұсынады;
  • SAP автоматтандырылған жүйесіндегі бухгалтерлік және салықтық тізілімдерде өндірістік және іскерлік шарттардың талаптарын бұзғаны үшін контрагенттерге салынған айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыппұлдарына қатысты хабарламаларды тіркейді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2018 жылғы 28 қарашадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары арасындағы есеп айырысу қағидаларына сәйкес, оның жеке қаржылық есептілігіне енгізілген филиалдар арасындағы есеп айырысуларды көрсетеді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың топішілік қаржылық есептілігі үшін «FO-17 "Дебиторлық (кредиторлық) берешектерді таратып көрсету"» (және басқалар) нысанында қаржылық ақпаратты және контрагент пен шарт бойынша деректерді жинақтайды;
  • МТТ бойынша көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасын орындау туралы есепті ұсыну кезінде қаржылық құжаттардың көшірмелерін және мәліметтерді ұсынады;
  • Мұрағаттық сақтауға бастапқы есепке алу құжаттарын дайындауды ұйымдастырады, оларды іс қағаздарын жіктеу кестесіне сәйкес папкаларға орналастырады және «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесіне тапсыруға дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары.
  • Саладағы мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.