"Вагонсервис" АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Астана учаскесінің өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы

501 233 - 526 481 KZT
Участок Астана Акмолинский филиал по ремонту пассажирских вагонов Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Вакансия приостановлена
Құрылды:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Өндірістік қауіпсіздік және экология секторының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, сектор қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
  • өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың және авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • еңбек қауіпсіздігі мен экологияның жай-күйіне кешенді, мақсатты және жоспардан тыс тексерулер жүргізуді ұйымдастырады, анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылайды;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кіріспе нұсқамалар, оқыту, қызметкерлердің білімін тексеруді ұйымдастырады;
  • еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады;
  • қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ оларды есепке алу, сақтау, беру және есептен шығару тәртібінің сақталуын бақылайды;
  • жазатайым оқиғалар мен инциденттерді тергеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқиғалардың себептерін талдайды және алдын алу шараларын әзірлейді;
  • заңнаманың талаптарына сәйкес қызметкерлерді медициналық тексерулердің уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
  • қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология мәселелері бойынша есептілікті, ақпаратты және өзге де материалдарды дайындауды және уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;
  • сектор қызметінің бағыты бойынша бюджетті жоспарлауды ұйымдастырады, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарларын қалыптастыруға қатысады;
  • өндірістік экологиялық бақылауды және экологиялық заңнама талаптарын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады.
  • қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша ішкі аудиттерді, тексерулер мен іс-шараларды жүргізуді үйлестіреді;
  • өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйін талдайды, еңбек қауіпсіздігі мен экологияны басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Құрылыс жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Ұқсас бос жұмыс орындары

Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының СЦБ электрлік орталықтандырудың сыртқы құрылғыларын жөндеу және ауыстыру жөніндегі бригадасының СЦБ электромеханигі
Центр автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
от 410 783 KZT
24.07.2026
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалы Солтүстік өңірдің поездар қозғалысын басқару өңірлік орталығының өндірістік-техникалық бөлімінің және қозғалыс қауіпсіздігінің жетекші инженері
«ҚТЖ «ҰК» АҚ - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалы | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
от 441 859 KZT
24.07.2026
"Вагонсервис" АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы Астана учаскесінің өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері
Участок Астана Акмолинский филиал по ремонту пассажирских вагонов | Толық жұмысбастылық | Астана қ.
410 783 - 429 234 KZT
24.07.2026