«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Шымкент» филиалының ТЧЭ-32 өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1-санатты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер-технологы (эколог)

347 984 - 368 664 KZT
ТЧЭ-32 Арыс қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Ішкі бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде қауіпсіздік бойынша диалогтарды өткізу және мердігер ұйымдардың қызметін бақылау).
  • Өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізу, оның ішінде қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік мониторинг жүргізу.
  • Тәуекелдерді және экологиялық аспектілерді бағалауды ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару шараларын келісу.
  • Қызметкерлерге кіріспе нұсқама өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру.
  • Нұсқамалардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне бақылау жасау.
  • Нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде келісу жұмыстарын жүргізу.
  • Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде келісу жұмыстарын жүргізу.
  • Өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудың өткізілуіне мониторинг жүргізу және әдістемелік көмек көрсету.
  • Өндірістік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өткізілуіне мониторинг жүргізу.
  • Қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу.
  • Қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу.
  • Ұжымдық шартты әзірлеуге қатысу.
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиеттермен, плакаттармен және техникалық құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру.
  • Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және оның түпкі себептерін анықтауға қатысу.
  • Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім).
  • Мамандығы: көлік саласы бойынша: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрамы);
  • Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар);Автоматтандыру және басқару;Электр энергетикасы;Стандарттау, метрология және сертификаттау;Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (теміржол құрылысы, теміржол жолы және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (технологиялық машиналар мен жабдықтар);Инженерлік жүйелер;Экология;Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: ІІ санаттағы лауазымда кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.