«Теміржолсу-Аягөз» ЖШС еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженері
- Технологиялық процестерді (өндіріс режимдерін) әзірлеу кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарының белгіленген нормаларда сақталуын бақылауды жүзеге асырады, еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын енгізудің экономикалық тиімділігін айқындайды;
- ескірген және қате белгіленген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормаларын тексереді, оларды ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілуіне қарай жаңамен, неғұрлым прогрессивпен уақтылы ауыстыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- басқару функциялары және құрылымдық бөлімшелер бойынша қызметкерлердің санын санның салалық нормативтеріне сәйкес айқындайды, нақты санның нормативтен ауытқуын және осындай ауытқулардың себептерін анықтайды, нормативтен тыс санды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- еңбек өнімділігінен өсу бойынша белгіленген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін, енгізуге белгіленген ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың негізінде нормаларды қайта қараудың күнтізбелік жоспарларының жобаларын жасайды;
- кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің бағдарламалары мен жылдық жоспарларының жобаларын дайындауға қатысады;
- еңбек өнімділігінің өсуін және өнім сапасын арттыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды, сондай-ақ жаңа техника мен прогрессивті технологияны, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты бұйымдардың жаңа түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде бұйымдардың еңбекті қажетсінуін айқындайды; нормативтік еңбек сыйымдылығын төмендету жөніндегі тапсырмаларды әзірлейді;
- нормалардың орындалу деңгейін зерделейді, тікелей жұмыс орындарында нақты еңбек шығындарының нормативтік шығындардан ауытқу дәрежесі мен себептерін зерттейді, барлық қызметкерлердің еңбек шығындары нормаларын игеруі үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысады;
- жаңа нормалар мен бағалардың жұмысшылар мен қызметшілерге уақтылы жеткізілуін, кәсіпорында еңбек жөніндегі нормативтік материалдардың дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
- еңбекті нормалаудың жай-күйі туралы есептілікті жасауды қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.