"ҚТЖ» ҰК" - «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының Жамбыл мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы
Лауазымдық міндеттер:
- МЕӨҚҚ-дағы қызметтік дайындық сабақтарына қатысады;
- Құпиялылық және конфиденциалдылық режимін сақтайды;
- Өрт сөндіру поездарының өрт сөндіру техникасымен және өрт-техникалық жабдықтармен жарақтандырылуын, МЕӨҚҚ қызметін регламенттейтін нормативтік актілердің және өрт қауіпсіздігі нормалары талаптарының орындалуын тексереді;
- Өрт сөндіру поездарының, бекеттерінің әзірлігіне тексерулер (соның ішінде түнгі) жүргізеді;
- Жұмыс орнын материалдық-тұрмыстық жағдайлар нормаларының талаптарына сәйкес ұстайды;
- МЕӨҚҚ жұмыскерлерінің ішкі күн тәртібін орындайды;
- МЕӨҚҚ инспекторларымен болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен;
Орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындықтан өткен; - Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар); Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі лауазымдарда кемінде 2 жыл (жоғары), 4 жыл(орта).
Қосымша талаптар:
- Өрт-техникалық тексеру жүргізу, объектілерде және жылжымалы құрамда өрттердің себептерін тергеу, ДК-де, Word, Excel, PowerPoint, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) бағдарламаларында жұмыс істеу.
- Жобалық материалдарға, көлемдік - жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, өрт автоматикасы жүйелеріне, ғимараттардың, құрылыстардың, жылжымалы құрамның электр-техникалық бөлігіне сараптама жүргізуін білген жөн.
- Нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.