«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Ақтөбе» филиалы Ақтөбе пайдалану локомотив депосы жөндеу және бақылау бөлімінің инженер-технологы (2 санат)
Лауазымдық міндеттері:
- Локомотивтердің техникалық жай-күйіне бақылау жүргізу.
- ТЭ33А/АС сериялы тепловоздардың белгіленген жүріс нормасынан артық пайдаланылуына, тартқыш электр қозғалтқыштары (ТЭҚ) ажыратылған күйде жұмыс істеуіне және басқа да ақаулы тораптармен пайдаланылуына жол бермеуді қамтамасыз ету.
- ТЭ33А/АС сериялы тепловоздардың қажетті пайдаланым паркін қамтамасыз етуді, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды пайдалануға уақтылы шығаруды бақылау.
- ТЭ33А/АС сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсетілуіне бақылау жүргізу.
- ТЭ33А/АС сериялы тепловоздар бойынша ай сайынғы есептер мен жиынтық актілерді әзірлеу.
- Атқарылып жатқан жұмысқа байланысты анықталған барлық бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы жұмыстың кез келген кезеңінде (жұмыс басталғанға дейін, жұмыс барысында және жұмыс аяқталғаннан кейін) тікелей басшыға баяндау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.